20
апрель
2022
«Дін және Қоғам»
«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Алматы обылы Дін істер басқармасының теологы» Айбек Тұрсынұлының қатысуымен «Дін және Қоғам» тақырыбында жастар арасында сұхбат өтті. Сұхбат мақсаты - жастардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесін жандандыру, қоғамдық келісімді нығайту, ар-намыс пен дінге сену мәселелерінде өзара түсіністік пен төзімділікті қалыптастыру. Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу. Тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастыру. Жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу. Адамзатты мәдениеттілікке, имандылыққа, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке шақыру. Тақырыптың басын Айбек Тұрсынұлы «Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқы соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!» - деп жас ұрпақ – Тәуелсіз Қазақстанның болашағы екендігін ескеріп. Ұстаздар мен оқушыларға өзінің руханият-насихатын айтып, бар білімімен бөлісті. Ал жиынға қатысқан жас ұрпақтың өздеріне керек сұрақтарына толық жауап алды.

