"1 қыркүйек білім күні" » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

"1 қыркүйек білім күні"

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Балалар жылы» аясында 1 қыркүйек – Білім күні «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын және бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын 127 бүлдіршін аттады.
Салтанатты жиын барысында алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Акшолакова Рахила Молдағалиқызы алып, барша оқушылар мен ұстаздар қауымын құттықтады. Аталмыш іс-шараның қадірлі қонағы ретінде
салтанатты жиынға қалалық білім бөлімінің әдіскері Мамырбаева Айнұр Тайлаққызы қатысты. Ата-аналар өз кезегінде мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді құттықтап, мектеп ұжымына деген ізгі тілектерін білдірді. Жиын регламентке сай өткізілді.