25
январь
2024
"Әкелер мектебі" клубы
25.01.2024жылы №17 орта мектебінде ата-аналарды қолдау орталығы қызметінің негізінде « Әкелер мектебі» құрылды. Мақсаты - әкелердің отбасындағы бала тәрбиесіндегі ролін арттыру, ұстаз, ата-ана және оқушы арасындағы байланысты нығайту. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру. Әкелермен кездесу барысында Алқалы Жиынға Жетісу облыстық партия филиалының төрағасы Арын Арыстанғали Қадырұлы, Жетісу облысының «Жер жаннаты- Жетісудың Ұланы балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ЖҚБ төрағасы Б.В Жаксыкельдинов жиналған қауымға Әкелер кеңесінің жұмысымен, міндеттерімен таныстырып, әкелерді белсене ат салысуға шақырды.

