Lesson Study-ынтымақтастық педагогикалық тәсіл » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
октябрь
2022

Lesson Study-ынтымақтастық педагогикалық тәсіл

Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдіс- Lesson Study. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. «Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны» – деп, неміс халқының ақын-жазушысы Иоганн Гете айтқандай, зерттеу сабағын тәжірибеге енгізу барысында, біраз қиындықтар кездесті. Дегенмен де, алғашқы кезеңдерде қиындық туғызған проблеманы бірлесе, ақылдаса отырып шешуге тырыстық.
№17 орта мектебінде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыратын бес Lesson Study зерттеу топтары құрылды. 2022-2023 оқу жылына Lesson Study өткізудің сабақ кестесі жасалып, әр топ таңдаған сыныптарда оқудағы олқылықтарын ескере отырып, зерттеу тақырыптарын таңдады. 2022 жылдың 19 қазанында кестеге сай 3 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды?» тақырыбы бойынша Lesson Studyдің №1 циклінің алғашқы сабағы өтілді.