05
декабрь
2022
Тарих тереңінен-болашақ биігіне
5-15 желтоқсан күндері тарих және қоғамдық пәндер бірлестігінің "Тарих тереңінен-болашақ биігіне" атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.Онкүндіктің мақсаты: "Тәуелсіз еліміздің Халықаралық беделінің жоғары деңгейде көтерілгенін, осы деңгейге жетудегі тәуелсіздік жылдарындағы тарихи оқиғаларды оқушыларға насихаттау.Жас ұрпақтың санасына ел тұтастығы мен бірлігінің, сонымен қатар татулығы мен тыныштығының негізі болатындығын оқушыларға жеткізу."Оқушылар мен мектеп ұстаздарына Қазақстан тарихы туралы сұрақтар қойып,шешуін тапқандарға сыйлықтар берілді. «Тарих тереңінен - болашақ биігіне» атты тарих онкүндігінің аясында 8-11- сыныптар аралығында үлкен үзіліс кезінде «Қысқа сұрақ» және «Тарихи қайраткерді таны» танымдық ойындар ойнатылды.