Қазақстан тарихы-біздің тарихымыз » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
декабрь
2022

Қазақстан тарихы-біздің тарихымыз

    Тарих апталығы аясында мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Ирмашева Анель 7"а" сынып оқушыларымен  "1836-1838 жылдары Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі" атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар көтерілістің себеп-салдарын анықтап, көтеріліс жетекшілерінің тұлғалық қасиетіне баға берді. Сол мақсатқа жету үшін мұғалім әр түрлі заманауи әдіс-тәсілдерді, платформаларды сабақта қолдана білді. "Флиппити" платформасы арқылы  оқушыларды топқа бөліп,берілген тапсырмаларды орындауда белсенділік байқатты."Білім почтасы" арқылы  кері байланыс алды. Білім алушылардың жеке оқытуын да жүзеге асырды. Оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру  үшін сабақты өткен тақырыппен байланыстырды.Барлық берілген тапсырмалар оқу мақсаттарына сай. Оқыту процесінде белсенді әдіс-тәсілдерді қолданды.