08
ноябрь
2017
Мектеп тарихы
Талдықорған қаласының «№17 орта мектебі» КММ 1988 жылдың 1 қыркүйегінде
Талдықорған қалалық депутаттары Кеңесі атқару комитетімен қолданысқа
берілді. Мектеп осы кезден бастап екі тілде білім беретін, сыйымдылығы 1126
оқушыға арналған эксперименталды мектеп болып ашылды. Қазіргі уақытта
мектебімізде 1018 оқушы білім алып,
сапалы тәрбиеленуде. Жас ұрпақтың тәрбиесіне бірыңғай патриоттық көзқарасы бар
жеке тұлғаны қалыптастыру, функционалды сауатты жастарды оқытуда мектебімізде 76
мұғалім еңбек етеді. Оның ішінде 27 ұстаз жоғары санатты болса, ал 15 ұстаз
және мектеп басшысы Керейбаева Раушан
Нұрғалиқызы бастаған ұжым ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж
университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірленген бағдарлама бойынша
сертификатталған.
2010-2011 оқу
жылындағы «Алтын белгі» иегерлері- 4,
Гуламова Камила, Сейткасимов Санжар, Тугамбаева Жазира, Жанатбеков
Еркебұлан.
2013-2014 оқу жылында ҰБТ қорытындысы – 71%, Халықаралық ғылыми жобаның жеңімпаздары: Тайлақбаев Али( физика), Аскербек Жанна( математика).
2013-2014 оқу жылында ҰБТ қорытындысы – 71%, Халықаралық ғылыми жобаның жеңімпаздары: Тайлақбаев Али( физика), Аскербек Жанна( математика).
2014-2015 оқу жылында ҰБТ қорытындысы – 77,3%, Халықаралық ғылыми жоба жарысының жеңімпаздары : Узбеканова Ақжан (биология), Жүмәлі Мейіржан (физика).
2015-2016 оқу жылында ҰБТ қорытындысы – 71%, «Алтын белгі» иегері- 1, Есбосын Ақерке, «Үздік аттестат» иегері-1, Ерахметова Мадина. 9 сынып оқушылары : Ізтай Гафура, Ашаргина Анастасия ерекше куәлікке ие болды.
2016-2017 оқу жылында ҰБТ қорытындысы – 75%, «Алтын белгі» иегері -1, Мұхтария
Айгерім, 9 сынып оқушылары Тукенова Анель, Ембергенов Алихан, Бердіхан Бахаргүлерекше аттестатқа ие болды.