«№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен «Педагог мәртебесі» туралы жиын. » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
январь
2019

«№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен «Педагог мәртебесі» туралы жиын.

«№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен «Педагог мәртебесі» туралы  жиын.

Мұғалім мәртебесі туралы жиын 16.01.2019жылы өтті. Жиынға барлық мұғалімдер қатысты. Алғы сөзді бастауыш сынып пән мұғалімі Жақсылықова Р.М.: «Қазіргі заманда адами капитал қоғам, мемлекет алдындағы маңызды міндеттерді шешуде басты рөл атқаратын әлеуетті күш, құнды ресурс саналуда. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында адами капитал бес басымдықтың бірі ретінде арнайы аталып, оның сапасын жақсарту қажеттігі қадап айтылды. Демек, бүгінде адамның жасампаздық қабілетін оның ақыл-ойын, білім-білігін жетілдіру арқылы дамыту алдыңғы орынға шығып отыр. Ал, оны жүзеге асыру алдымен білім беру саласы қызметкерлерінің еншісінде.»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Суанбаева: «Ұстаздарды әлеуметтік жағынан қорғау мақсатында сауықтыруға берілетін жәрдем ақы мөлшерін 2 еселеп және денсаулығын жақсартуда арнайы мұғалімдерге арналған мамандандырылған жеке емхана  мен ауруханалар болса.»- деді.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Тугомбаева: «Мұғалімдердің  еңбек өтіліне қарай 25 жыл тұрақты білім саласында үзбей еңбек жасаған ұстаздарды:

-әйелді 55 жастан;

- ер адамды  60 жастан зейнеткерлікке  шығару мерзімі көзделсе»- деді.

Биология пәнінің мұғалімі Б.Касенова: « Ұстаздардың апталық жүктемелерін орта буында 18 сағаттан 16 сағатқа, бастауыш буында 18 сағаттан 14 сағатқа дейін төмендетсе»,- деді.

Математика пәнінің мұғалімі Орашбаева М: « «Білім туралы» Заңға ата-аналардың  жауапкершілігін күшейтетін баптар  қосылса»,- деді.

«№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен «Педагог мәртебесі» туралы  жиын.

 

«№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен «Педагог мәртебесі» туралы  жиын.