Қамқоршылық кеңесі мен бірігіп өткізілген 11 сынып ата-аналар жиналысы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
май
2019

Қамқоршылық кеңесі мен бірігіп өткізілген 11 сынып ата-аналар жиналысы

№17 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамқоршылық кеңесі мен бірігіп өткізілген 11 сынып ата-аналар жиналысының хаттамасы


Талдықорған қаласы  «06» маусым 2019 жыл 

Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы 

Төрағасының аты-жөні : Ғ.Ғ.Милиханов

Хатшының аты-жөні : Ж.Рысбаева

Қатысқандар : 8

Күн тәртібінде :

1.2019 жылы 12 маусымдағы мектеп бітіру кешінің Білім және ғылым министірлігінің концепциясымен ата-аналарды таныстыру.
2. 11 сынып оқушыларының кешкі баллы сағат 24.00 дейін болуы туралы хабарлама, киімі-мектеп формасында өтуі, ақша жинамау, ата-аналар кештен соң  балалардың өмір қауіпсіздігіне өздері жауапты екенін ескерту.

Тыңдалды

Сөз алғандар:             

Күн тәртібі бірінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңес төрағасы Ғ.Милиханов  Алматы облысы  білім басқармасының 26.04.2019 жылғы       № 42-42/ 5849/971 хаты, қалалық білім бөлімінің 29.04.2019 ж  № 386 –н бұйрығына сәйкес   2018-2019 оқу жылын аяқтау және мектеп бітірушілеріне арналған кешті жоғары деңгейде ұйымдастырып, өз дәрежесінде өткізу бұйрықтарымен және мектепішілік  2019  жылы 30 сәуір №79-н  хатымен таныстырып, 2019 жылғы 12 маусымдағы  өтетін мектеп бітірушілер кеші мектептегі қамқоршылық кеңес отырысының шешіммен ұйымдастырылатыны туралы айтты. Сондай –ақ балалардың өмір қауіпсіздігін, мектеп бітіру кеші іс-шараларына мектеп оқушыларымен бірге ата-аналары немесе заңды өкілдерінің бірге болуын ата-аналарының рұқсатынсыз алу, қала сыртына экскурсия немесе жорыққа шығуларын таңғы (Рассвет) қарсы алуға, мектеп бітірушілер түлектердің автокөліктермен (шеру) қызметін заңсыз пайдаланбауларын, дәстүрлі мектеп бітіру іс-шаралара жоспарын бекітулерін, мектеп бітіру кештерінің мектеп қабырғасынан тыс жерлерде немесе арнайы көңіл көтеретін мекемелерде өткізуге болмайтынын мектеп бітірушілердің және олардың ата-аналарына акша жинамау туралы айтып өтті.

Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер ата-аналар құқық –қорғау органдарымен өртке қарсы қауіпсіздік мәселелері жөнінде мектеп қызметкерлерімен нұсқаулықты жасағандығын , іс-шара барысында мектеп бітірушілерімен ата-аналарды өздерін ұстау тәртібімен таныстыру. Атап айтсақ іс-шара сағат 24.00 дейін өткізілуі шарт. Киіміні келетін болсақ,  мектеп формасын  киюі қадағалсын . Аталған мереке ең бастысы жалпы орта білім беретін ұйымдарда жастар жылына арналған   «Болашақ - жастардікі» тақырыбына іс-шара өтілуін айта кетті.  Мектеп бітіруші ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жауапкершіліктері қолхат алу керек екендігін айтты. Сондай –ақ мектеп бітіру кештері іс-шаралар өткізу барысында балалардың өмірімен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мұғалімдер ата-аналар, құқық қорғау органдары мен өртке қарсы қызмет көрсету өкілдері арасынан тұрақты кезекшілік ұйымдастырылып қатаң бақылауға алынатындығы туралы айтты. 

Мектеп бітіру кештерінің өтілуі туралы жоғарыда айтылған мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғ.Ғ.Милиханов  сөз алып дауысқа салып, нәтижесінде 2019 жылғы 12 маусымдағы өткізілетін мектеп бітірушілер кешінің өтілуіне бұйрыққа сай өткізілуіне қарсы емес екендігін айтты.

Шешім қабылдады:

1. 2019 жылы жалпы орта білім беретін ұйымдарда жастар жылына арналған «Болашақ жастардікі» тақырыбында мектеп бітіру іс-шарасын өткізу тұжырымдамасы сапалы өтілуі қадағалансын.

2.2019 жылғы 12 маусымда мектеп бітіруші 11а сыныптағы 17 оқушы, 11 б сыныптағы 17 оқушылар кеші мектеп қабырғасында ұйымдастырылып,  кешкі 24.00 де аяқталып, мектеп формасын киіп келуін бақылауға алынсын

3. Балаларға өмірі мен қауіпсіздігін мектеп бітіру кеші іс-шаралары арасында ата-аналары немесе заңды өкілдеріне тапсырылсын.

4. Мектеп әкімшілігі мұғалімдер ата-аналар құқық қорғау органдарымен  өртке қарсы қызмет көрсету өкілдерімен кезекшілік ұйымдастырылсын.

5. Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары жауапкершілік туралы хат алынсын.

Шешім оқушылардың және ата-аналардың емтихан, кешкі балл уақытында ата-аналар мен мұғалімдер оқушыларға қолдау көрсетілсін.

Ешқандай қаражат жиналмауын қатаң қадағалансын.

 

Қамқоршылық кеңес төрағасы:                        Ғ.Милиханов

Хатшысы:                                                          Ж.Рыспаева

 

 

Қамқоршылық кеңесі мен бірігіп өткізілген 11 сынып ата-аналар жиналысы

 

Қамқоршылық кеңесі мен бірігіп өткізілген 11 сынып ата-аналар жиналысы

 

Қамқоршылық кеңесі мен бірігіп өткізілген 11 сынып ата-аналар жиналысы