2018-2019 оқу жылындағы мектептің қамқоршылық кеңесінің шығындарымен қаражат қозғалысы туралы қорытынды есеп » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
июнь
2019

2018-2019 оқу жылындағы мектептің қамқоршылық кеңесінің шығындарымен қаражат қозғалысы туралы қорытынды есеп

2018-2019  оқу жылында мектептің қамқоршылық кеңестің құрамы 11 адамнан құрылды. Төрағасы болып №1 отырыстың шешімімен Милиханов Ғазиз Ғадылханұлы сайланды. Қамқоршылық кеңес өзінің жұмыс жоспарын жаңа оқу жылына құрып, жұмыс жүргізді. Атап айтқанда мектептің күнделікті қызметімен танысып, оқу тәрбие процесімен танысып оқушыларды тамақтандыру, әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды мектепке орналастыру, мектептің медициналық қызмет көрсету сапасын бақылауға мониторинг жүргізілді. Мектептің қайырымдылық қорына түскен көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізді. Мектептің қамқорлық кеңесі мектепке жол қайырымдылық акцияларына белсенді қатысты. Мектепте өткізілген «Отбасы менің мекенім», Дарынды оқушылардың көрмесін ұйымдастыруда, «Менің шығармашылық отбасым» конкурсының жеңімпаздарын марапаттауға үлес қосты. Жыл бойына өткізілген қамқоршылық кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру ұйымда ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын атқарды. Оқу жылында аз қамтылған оқушыларға қайырымдылық көмектер ұйымдастырды.  Мектепке қайырымдылық көмек түрінде түскен  ақшалай  қаражатты бөлуге қатысты. Сонымен қатар мектеп түлектерінің мамандық таңдауға арналған «Қайда оқуға барамыз»атты кездесу өткізді. Мектептің қамқоршылық кеңесінің жұмысы жайлы мектептің интернет- ресурсына салынып, хаттамаларымен шешімдері ақпараттандырылып отырды.  Сонымен қатар балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алды-алу және салауатты өмір салты қалыптастыру мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен «Шанс» қиын балалармен жұмыс жасау орталығымен кездесулер ұйымдастыруға көмектесті. Қамқоршылық кеңестің құзіретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат беруде мектеп қызметкерлеріне, психологына үнемі көмек көрсетті. Мектеп пен ата-аналар арасында келісім шарт жасауға ат салысты. Мектептің білім сапасын арттыруға байланысты мәселерді қарастыруға ат салысты.  Мектепте  күнкөрісі төмен, аз қамтылған, көп балалы, сәтсіз жанұя және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға аса көңіл бөлініп, материалдық көмек көрсету үшін және олардың білім алуына жағдай тудыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізді.  Мектепте күнкөрісі төмен, аз қамтылған отбасы саны – 84, оның ішінде толық емес отбасы-33, анасы жоқ-5, әлеуметтік жағдайы төмен-46 оқушы, оның ішінде көпбалалы жанұя саны – 33, бала саны – 65, жетім, қамқорлыққа алынған балалар саны – 4, мүгедек оқушылар – 1.   Осы оқу жылында жалпыға бірдей оқуға қамту фондына бюджеттен  киім-кешек алуға 57 оқушыға – 197.053 теңге. Мектептегі  116 оқушыға жалпыға бірдей білім беру қорынан 2 775 520 теңге көлемінде тегін ыстық тамақпен тамақтанды. Осы қор бюджетінен мектеп оқушыларына киім кешекпен қамтамасыз етілді. 2018-2019 оқу жылында тегін ыстық тамақпен өтініштерін  қарап барлық 100 оқушы қамтылды. Оның 50-і ЖББ қорынан, ал  қалған 50-і  асхана арендаторы есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылды. Сәуір айынан бастап ЖББ қорынан 8 оқушы тегін тамақтанды. Оның сыртында қаңтар айында өтілген «Қамқорлық» акциясы барысында   ұстаздардан -     10,000 теңге, қалғаны ата-аналардың көмектерін оқушыларға бөлді. Айлық барысында түскен барлығы  118.400  қаражатқа 20 балаға  көмектерді  қарастырды.

Тамыз айында барлық мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға жан-жақты материалдық көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды, аз қамтылған отбасынан шыққан біздің мектебімізде білім алатын оқушыларға  демеушілер ұйымдастырылып киім-кешек  және  кеңсе тауарлары 40000 қырық мыңға  берілді. Акция іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге барлығы 20 ұстаз қатыстырылды. Мектепте «Балаға мейірім сыйла» атты қайырымдылық бұрышты қамқоршылық кеңес  жасады. Акция кезінде аз қамтылған отбасылардың, көпбалалы отбасылардың балалары, сондай-ақ жетім балалар қамтылды. Акция барысында мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету және көп балалы, аз қамтылған отбасылар балаларына материалдық көмек көрсетілді. Мектепте аз қамтылған отбасылардан шыққан 16 балаға материалдық көмек мектеп формасы және оқу- құралдары берілді, жалпы сомасы 113000 мың теңгені құрайды. Оның 35,000 - қамқоршылық кеңестен түскен көмек, ата-аналардан - 42000, №23 орта мектеп оқушысына 10000 теңгеге көмек көрсетті. Ұстаздар барлығы-46000 көмек көрсетті.

2018-2019 оқу жылында қамқоршылық кеңеспен келісіп мектепте жазғы уақытта мектеп жанындағы «Балдырған» лагері 03-06- 12.07.2019ж аралығында  3 кезеңде жұмыс жасауға жағдай жасалды. Оған  жетім, аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларынан 14 оқушы тегін ата-ана мен ұстаздар тараптынан 119 000 теңге демеушілік жасап  демалды. Бұл лагерь   үш мерзімде жұмыс жасайды, барлығы 120 оқушы сауықтандырылады. Текелі қаласындағы «Эдельвейс» лагеріне  08.08-15.08.2019 ж. аралығында жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасы және сәтсіз отбасы  балаларынан 50 оқушыға    тегін демалуға жолдаманы кеңес мұшелерімен келісіп берілді .