16
январь
2020
Парасаттылық, әділдік, шынайылық
Тақырыпты тұрған үш ұғым туралы мектебімізде 2020 жылдың қаңтар айының 17 күні сағат 10:00 де 8-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өтті. Аталмыш сынып сағаттарға мектеп инспекторы А. Еркенбекова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туракбаев К, педагог ұйымдастырушы Даулеткелдинова С, Адал ұрпақ еріктілер ұйымы, Жас Полиция көмекшілері қатысты. Ондағы жалпы мақсат қоғамның індетіне айналған жемқорлықпен күрес, өз отанына деген қамқорлық, бүгінгі оқушы ертеңгі Қазақстанымыздың негізгі қозғаушы күші екенін ұғындыру, танымдық, әділде шынайы болуға шақыру болып табылды. Сынып сағаты барысында оқушыларымыз өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып, қазіргі оқушылардың қоғамдағы проблемаларымен тәртіптерін талқыға салды.



