"Жақсы көңіл күй-жан азығы" » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
январь
2020

"Жақсы көңіл күй-жан азығы"

Дәл осы тақырыппен ағымдағы жылдың қаңтар айының 24 жұлдызында мектебімізде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.К. Туракбаев және Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығының психолог маманы С. Дурыскелдинованың ұйымдастыруымен кездесу іс-шарасын өткізді. Оған Қалалық №1ші емхананың СӨС бөлімінің мамандары Ж.Зикенова мен А.Аділбекова қатысты. Аталмыш кездесудің барысында денсаулыққа зиянды заттардың психологиялық әсері, жас өспірімдердің темекі, насыбай, энергетикалық сусындарға әуестігі, олардың адам ағазасына алып келетін кері әсере тақырыптарындағы әңгіме психологиялық тренинг ретінде өрбіді. Бұл кездесудің басты мақсаты: оқушыларымызды зиянды әдеттерден алдын алып, дені сау ұрпақ ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азаматтар болатынын, адам заттың басты байлығы денсаулық екенін ұғындырып бойларына сіңіру болды. Шара соңы жоғарыда атап өткен мамандар психологиялық көмек керек болған жағдайда өздерінің көмек қолдарын созуға дайын екендерін атап әлеуметтік желідегі мекен жайларымен сенім телефондарымен бөлісті.
"Жақсы көңіл күй-жан азығы"
"Жақсы көңіл күй-жан азығы"
"Жақсы көңіл күй-жан азығы"
"Жақсы көңіл күй-жан азығы"
"Жақсы көңіл күй-жан азығы"