«Covid 19 және жаратылыстану ғажайыптары» . » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
январь
2021

«Covid 19 және жаратылыстану ғажайыптары» .

Мектепішілік апталық. Мектебімізде 18-25 қаңтар аралығында жаратылыстану пәндері бірлестігінің апталығы өтті. Апталықтың тақырыбы: «Covid 19 және жаратылыстану ғажайыптары» .
Мақсаты: Оқушыларға пандемия жағдайында қашықтықтан оқытудың себеп-салдарын түсіндіру,денсаулықты сақтау ережелері және жаратылыстану ғылымдарының маңыздылығын айқындау, оқушылардың қашықтықтан оқуға деген қызығушылықтарын арттыру әдістерін қолдану.
Апталық барысында пән мұғалімдері «Кім тапқыр?» интеллектуалды ойын, «Қызықты география, «Өсімдіктер қозғалысы» тақырыбында сыныптан тыс жұмыстар жүргізді. «Covid 19 және біз» тақырыбында түсірілген креативті видео көрсетілімін ұсынды. Негізгі сыныптан тыс іс-шараның мақсаты оқушылардың жаратылыстану- география пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру, алған білімдерін тереңірек дамыту.
География пән мұғалімдері Сәрсекулова С, Шаяхметова Б, химия пән мұғалімі Жарданбек А, Төлегенова А, биология пән мұғалімдері Нусипова А, Төлегенқызы Ә түрлі платформаларды (Google Meet, Quizlet, Zoom, Online Mektep платформасы,Learning Apps,Presi бағдарламасы, YouTube ) желісінен видео пайдалану арқылы ашық сабақтар өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Оқушылар сабаққа белсене қатысып, ынталанып отырды.Берілген тапсырмалар мен жеке жұмыстар оқушыларға тиімді болды. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс ауызша жауап алу арқылы жүргізілді.
«Covid 19 және жаратылыстану ғажайыптары» .
«Covid 19 және жаратылыстану ғажайыптары» .
«Covid 19 және жаратылыстану ғажайыптары» .
«Covid 19 және жаратылыстану ғажайыптары» .