11
январь
2024
Асханадағы ыстық тамақ
2024 жылдың 11 қаңтарында мектептің бракераж комиссиясы асханадағы оқушыларға берілетін ыстық тамақтың сапасын тексерді. Тексере келгенде аспазшылар медициналық қызметтен өткен, асхана іші таза, ыдыстары талапқа сай. Берілген ыстық тамақтар құрылған ас мәзірі бойынша дайындалып отырады. Аспазшылар күнделікті тамақ түрлерін жазып, бекітіп отырады. Дайындалған тамақ түрлері нормаларға сәйкес келді. Ас мәзіріне сәйкес екінші тамақ түрлеріне қоса салаттар берілді.
