Аттестат тапсыру салтанаты » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
июнь
2025

Аттестат тапсыру салтанаты

№17 орта мектеп тарихына тағы бір тағылымды күн жазылды. Аттестат тапсыру салтанаты – жай ғана рәсім емес, әр жүректе із қалдырған, өмірге бастар алғашқы қадамның белгісі. Биылғы оқу жылы – табысты жыл. Биыл мектебімізді 41 түлек тәмамдап отыр.
Талантымен танылған, үздік үлгерімімен дараланған 1 «Алтын белгі» иегері мен 2 үздік аттестат иегері алғаш болып құрмет төріне көтерілді. Бұл – білімнің, табандылықтың, арманның жеңісі.
Одан әрі ғылым мен білім жолында жетістікке жеткен оқушылар, өнерлі түлектер, спорт саласында жеңіске жеткен мектеп мақтаныштары аттестатпен марапатталды. Бұл сәттерде сахнада мақтаныш, толқу және қуаныш қатар өрілді.
Салтанат барысында алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Акшолакова Рахиля Молдағалиқызы алып ұстаздар қауымына, ата-аналарға алғыс білдіріп, мектеп түлектерін құттықтады. Сонымен қатар, жиын барысында оқушылардың орындауындағы әсерлі әндер айтылып, кештің қорытынды сөзін ата-аналар алып, балаларына деген ақ батасын арнады. Бұл – тәрбиенің, жанкештіліктің, шексіз сүйіспеншіліктің көрінісі болды.
Құрметті түлектер! Сіздерге үлкен өмір жолында сәттілік, жарқын болашақ, адами асқақ қасиеттер мен биік мақсат тілейміз! Мектеп – сіздер үшін әрдайым жылы естелік, ал біз – әр жетістігіңізге қуанып отыратын үлкен жанұя боламыз.