"Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың және буллингтің
2025 жылдың 18 қараша күні "Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың және буллингтің алдын алу" мақсатында Талдықорған қаласы прокуратурасының аға прокуроры Көпенов Мейіржан Бақытжанұлының қатысуымен 9-11сынып оқушылары арасында кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кездесу барысында аға прокурор жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық түрлері, олардың құқықтық салдары, буллингтің психологиялық және әлеуметтік әсері, сондай-ақ оны болдырмау жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.