19
ноябрь
2025
"Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың және буллингтің алдын алу"
2025 жылдың 18 қараша күні "Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың және буллингтің алдын алу" мақсатында Талдықорған қаласы прокуратурасының аға прокуроры Көпенов Мейіржан Бақытжанұлының қатысуымен 9-11сынып оқушылары арасында кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
Кездесу барысында аға прокурор жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық түрлері, олардың құқықтық салдары, буллингтің психологиялық және әлеуметтік әсері, сондай-ақ оны болдырмау жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға заң талаптарын сақтау, жауапкершілік, өзара құрмет және қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті туралы ақпарат берілді.
cілтеме бойынша өтіңіз