Ерекше білім беру қажеттіліктері
2022 жылдың 17 қарашасында мектеп педагог-психологтары «Ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, балаларды оқыту стратегиясын құруда,мұғалімдерге арналған ұсыныстар» тақырыбында бастауыш сынып ұстаздарына әдістемелік көмек ретінде кездесу өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып,тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жеке тұлғаның даму үдерісін қалыптастыру.
Кездесуді педагог-психолог А.А.Мамырбаева бастап «Ерекше білімді қажет ететін білім алушыларды топтастыру ерекшеліктері» (ҚР Білім және ғылым министірінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығы) тақырыбында презентация көрсетіп, нұсқаулықпен таныстырып, ақпарат берді.Педагогтердің ерекше білімді қажет ететін білім алушылармен жұмыс барысында стратегияларын ұсынып, айқындады.
Келесі сөзді мектептің педагог-психологы А.М.Маусанбекова алып, адамның қабылдау ерекшеліктері туралы ақпарат беріп, қатысушылармен практикалық жұмыстар жүргізді.. Педагогтердің сұрақтарына жауап берді.
