19
август
2020
педагогикалық кеңес
Бүгін 19.08.2020 жылы Талдықорған қаласы «№17 орта мектеп» КММ ұжымы «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында жалпы республикалық педагогикалық кеңес өткізді. Педагогикалық кеңестің мақсаты: Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері бар педагогтерді хабардар ету. Педагогикалық кеңеске мектебіміздің 74 мұғалімі қатысты. Педагогикалық кеңес отырысын мектеп директоры Р.Н.Керейбаева өткізді.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары;
2) оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау;
3) 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары;
4) )Қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер;
а) Техникалық дайындық және жұмыс орны;
б) Қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі;
в) Педагог имиджі және этикетті сақтау;
5) Мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу;
6) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері;
7) Баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек.
Мектеп директоры «Кезекші сыныптарда» оқытуды ұйымдастыру, санитарлық талаптарды сақтау, уақытты ұтымды пайдалану туралы айтты. Сонымен бірге педагог қашықтан өткізетін сабақты ұйымдастыру кезінде, педагог имиджі және этикетті сақтау,сөйлеу мәнеріне көңіл аудару керек екеніне басты назар аударды. Білім алушыларды бағалау электрондық журналдар арқылы жүргізілетіні айтылды.Директордың орынбасарлары К.Замзина, Ұ.Раисова,Г.Бекешова күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі, мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен таныстыру,жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері туралы мәліметтермен мектеп ұжымын хабардар етті.