03
декабрь
2024
БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС
1) Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары -1 бірлік (тұрақты);
2) Педагог-психолог-1 бірлік (орыс сыныптарына, тұрақты);
Конкурс: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 бұйрығы негізінде өтеді.
Конкурстың өткізілетін күні:
13.12..2024 жыл
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі:
04.12-12.12.2024 жыл
Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Талдықорған қаласы, Мүшелтой 32, «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, тел:
8 (7282) 25-34-97, э/пошта: tdk-sh17@mail.ru.
Қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығының 154-тармағына сәйкес электрондық немесе қағаз түрінде қабылданады.
Функционалдық міндеттері:
Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
✓ Оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады.
Педагог-психолог
✓ Оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін және соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі
Еңбекақы төлеу мөлшері:
Білікітілігіне байланысты тарифтік кестеге сәйкес