«Зорлық-зомбылықсыз әлем» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
ноябрь
2025

«Зорлық-зомбылықсыз әлем»

✅2025 жылдың 25 қазан күні мектептің педагог-психологы А.А. Мамырбаева ата-аналар мен оқушылар арасында «Зорлық-зомбылықсыз әлем» тақырыбында ақпараттық жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда, зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында арнайы ақпараттық жадынамалар таратылды. Іс-шара барысында қатысушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның салдары, алдын алу жолдары, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған жағдайда қайда және қалай жүгіну қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен ата-аналардың арасында зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және отбасындағы, мектептегі жағымды психологиялық ахуалды нығайтуға ықпал ету.