№ 17 орта мектеп жайлы мәлімет » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

№ 17 орта мектеп жайлы мәлімет

Талдықорған қаласының «№17  орта мектебі»  1988 жылдың 1 қыркүйегінде  Талдықорған қалалық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің №13-133а шешімі негізінде қолданысқа берілді. Осы кезден бастап оқу орны екі тілде білім беретін, сыйымдылығы 1176 оқушыға арналған эксперименталды мектеп болып ашылды. Мектеп оқушылары 2 кезеңдік ауысымда  білім алады. 

Мектеп 2013 жылы күрделі жөндеуден өтті,төбесі қатты   шифер, мектеп ауласы асфальтталған. Мектептің жылу, су құбыры, электр жүйелері қаланың орталықтанған жүйесіне қосылған, сонымен қатар 64 бейнекамералармен жабдықталған.  Мектептің жалпы көлемі 6017,9 ш.м алып жатыр, оның ішінде 5310,6 ш.м.  пайдаланылатын ауданы. Оқу кабинеттері-32,  төлқұжатталған  оқу   кабинеттерінің саны-15, информатика кабинеті-2, 5 жаңартылған модификацияланған кабинет-физика, химия, қазақ тілі, математика, география кабинеттері бар.  2019 жылы мектепке мультимедиялық 5 кабинетке жабдықтар алынды, яғни 2281000 теңгеге. Мектепте интерактивті тақта-4, шеберхана-2, спорт алаңы 268,5 ш.м. Мектеп 2013 жылы жартылай күрделі жөндеуден өткізілді. 2019 жылдың  жаз айында мектеп ауласында көркейту абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Мектепте 4140 ш.м. футболдық алаңы бар, хоккей алаңы 763,8 ш.м. аумақты алып жатыр.  Асхана 100 орынға арналған және 2016 жылы жаңа тамақтану құралдарымен жабдықталған,  кітапхана 50 орынға, 80 орынға арналған мәжіліс залы бар.  Мектепте 102 компьютер,275 ноутбук, 6 планшет, 100 роутер   құрылғылары бар,  жалпы саны 483.  Мектепте медициналық көмек көрсету кабинеті жабдықталған.