Дәстүрлі Жолдау –«Жаңа Қазақстан» құруды қолдау » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2022

Дәстүрлі Жолдау –«Жаңа Қазақстан» құруды қолдау

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бүгінгі жолдаудың мәні айрықша екенін айтты.Ел Президентінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауы – Қазақстан Республикасының азаматтары үшін тарихи жағдай.
«Жолдаудың арқалайтын жүгі бір жылмен ғана шектелмейді. Мазмұны бөлек,ауқымы да кең. Жолдау алдымызға биік мақсаттар қойып берді . Бәріміз бірге «Жаңа Қазақстанды» құруға кірістік. Баршаңызға мәлім, былтыр егемендіктің маңызды белесіне жеттік. Тарихи өлшеммен қарағанда 30 жыл тым көп уақыт емес. Халқымыз Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен осы кезеңде ауқымды жұмыс атқарды, – деп айтты Президент. Алайда береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін. Қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті. Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендімізге зор қауіп төнді, – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Жолдауда көтерілген мәселелер барлық қазақстандықтарды, бірінші кезекте ұстаздар қауымын бей-жай қалдырмады. Айтылған ұсыныстарда, облыс әкімдері жанама сайлау арқылы тағайындалатындығын, БАҚ туралы Заңды қайта қарауды,ұланғайыр жеріміздің байырғы атауларын ,ұлы тұлғаларымыздың есімдерін ұрпақ санасында жаңғырта беру,мемлекетіміздің өркендеуі аймақтардың қуатты болуына тікелей байланысты екендігін, Жетісу және Алматы облыстарының қайта құрылуы, Қапшағай қаласына Қонаев есімін беру,ұлттық құрылтайды қайта құруды ұсынуы көңілімізді серпілтіп тастады.Жаңа Қазақстанды бірге өркендетуге шақырып,азаматтардың ертең емес,бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын деген тілегі бәрімізді толғандырады.