12
май
2020
«Бірлік бар жерде, тірлік бар»
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мемлекетіне жолдаған кезекті үндеуі әрбір азаматқа үлкен серпіліс беріп, осы кезеңде үлкен ықыласпен бағаланып талқыланып жатыр. Президентіміздің осы қиын қыстау кезеңде ел денсаулығын сақтау мәселесіне ерекше аса назар аударуы, еліне деген сүйіспеншілігін білдіреді. Адам өмірі, адам денсаулығы ол аса баға жетпес байлықтың бірі екендігін түсіне отырып, біз өзіміздің еліміздің болашағын қорғау нағыз патриот сезім екендігінің дәлелі екенін түсінеміз. Халқымызды береке бірлікке шақыра отырып, өмірімізді сақтау мақсатында әрбір азаматтың денсаулығын қорғауда мемлекет тарапынан жасалып жатқан, шұғыл шаралар, қолдаулар тағыда басқа әлеуметтік көмектерде баса назар аударуы керектігін айтты. Біз мектеп ұжымымызда өз Президентімізді қолдап, осы Ораза айында халқымызды сабырлыққа, төзімділікке, татулықпен шыдамдылыққа шақыра отырып, Ұлы бабаларымыз айтқандай демекшіміз. Сонымен қатар ақ халатты абзал жандар мен әскери қызметкерлерге, еріктілерге алғысымыз шексіз.
