Қиындықпен күресу бәрімізге ортақ міндет » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
май
2020

Қиындықпен күресу бәрімізге ортақ міндет

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысын өткізді. Онда көптің көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Қазіргідей күрделі кезең ешкімге де оңай соғып тұрған жоқ екені белгілі. Соған қарамастан елімізде халықтың жағдайы үшін барлық шаралар қабылданып, оң шешімдер жүзеге асуда. Дүниежүзін дүрбелеңге салған індеттің алдын алу үшін, жасалып жатқан шешімдер барша азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау екендігін түсінуіміз керек. Ол үшін, күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн. Мемлекеттің осы мәселенің алдын-алуға бар күш жігерін салып жатқаны халықтың денсаулығына жіті мән бергендіктен, маңызды әрі нақты қадам болып отыр. Ұстаздар қауымы Президентімізді қолдап, еліміздің аяққа тұрып кетуі үшін бар күш жігерімізді салып, қолдаймыз. Біздің қолдау – карантин шараларын сақтау. Мұны халық түсіністікпен қабылдайды деп сенеміз. Сондықтан, өзіміздің аман-саулығымызға, ең алдымен, өзіміз жауапты болуымыз керек.
Бұл ретте біз халықпен біргеміз.
Қиындықпен күресу бәрімізге ортақ міндет