12
май
2020
« №17 орта мектебімізде» «Бірлік пен келісім» тақырыбында онлайн сынып тәрбие сағаттары
Мектебімізде 1-11 сынып оқушыларымен 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында « №17 орта мектебімізде» «Бірлік пен келісім» тақырыбында онлайн сынып тәрбие сағаттары өткізілді. Онлайн сабақты сынып жетекшілер оқушылармен қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып ZOOM платформасы және Whatsapp желісі арқылы өткізілді. Онлайн сабақтың мақсаты –Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесігі болған. Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен- тегін айтпаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізге қалыптасқан ұлттық тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетімізге ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. «Бірлігі жоқ ел тозады», «Бірлігі күшті ел озады» демекші әрқашанда біздің оқушыларымызға осындай тәрбие берейік.






