«Ойөріс» зияткерлік ойын » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
декабрь
2022

«Ойөріс» зияткерлік ойын

«Ойөріс» зияткерлік ойын
Тарих бірлестігі онкүндігінің жоспарына сай 9 "А","Ә"сынып оқушылары арасында тарих пәнінің мұғалімі Р.Ш.Кенжебекова«Ойөріс» зияткерлік ойынын өткізілді.
Зияткерлік ойынның мақсаты:« Оқушылардың танымдық, интеллектуалдық өй-өрісін кеңейту».
Сайыс Абай атамыздың қара сөздерімен басталды. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен дейді. Не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай - керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық бермейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.» екен. Бүгінгі ойын да сол себептен «Ойөріс» деп аталады.
«Батылдық – балалық шақта шыңдалады» десек, баланы бала ететін тәрбие құралдарының бірі – сайыс екендігі белгілі.
Сайысқа "Самұрық", "Жеңімпаз" топтары қатысты.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды.
1. «Өзім туралы» топтардың өздерін таныстыруы.
2. «Өнер алды-қызыл тіл» атты шешендік өнер
3. «Зымыран» сұрақтар жарысы. Бұл бөлімде шапшаңдыққа мән беріледі. Әр сұраққа 1ұпай.
4. Топ басшылар сайысы «Қатені тап»
5. «Құпия жәшік»
6. Полиглот
Екі топтың жүлдесін анықтау үшін әділқазыларға сөз кезегін беріп,"Самұрық" тобы -19 ұпай,"Жеңімпаз"тобы -16 ұпайды иеленді. Ойын жеңімпазы «Самұрық» тобы болды.