Тіл-асыл ойдың бұлағы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
сентябрь
2022

Тіл-асыл ойдың бұлағы

«Тілдер мерекесі» мен «А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы» онкүндігінің аясында «Тіл –асыл ойдың бұлағы» атты зияткерлік ойыны өткізілді.
Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету, ой-өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашыл, белсенді тұлға тәрбиелеу мақсатында жүргізілген шараны ұйымдастырушы-қазақ тілі пәнінің мұғалімдері- Ә.Қ.Тоқтабекова,Д.Өмірзахова. Сайыс 5-9-сынып оқушылары арасында өткізілді.
Зияткерлік ойынның мазмұны:
1.Барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 11 сұрақ берілді.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы болды.
3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын бұрын қол көтерген оқушы айтады.
4.”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
5. “Бәйге” айналымда аз ұпай жинаған үш оқушы ойыннан шығады. Бұдан кейінгі бөлімде ойын шарты төмендегідей ретпен өткізілді:
1.Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады.
2. Әр тақырып 10,20,30,40,50 санды ұяшықтарға бөлінген.
3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.
4.Ұяшықтағы ұпай саны көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі. Қорытындысында жоғары ұпай жинаған оқушылар марапатталды.