14
октябрь
2019
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе ...»
Дәл осындай атаумен ағымдағы жылдың 11 қазанында, мектебіміздегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Ормашева Дана Жақсылыққызы, Үдербаева Айгерім Тилеуғабылқызы және музыка пәнінің мұғалімі Данлыбаева Аида Қанатбекқызының ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқушылары арасында Абай оқулары өтті. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін, ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр, - деп ұлы ақынды әлемге паш еткен Мұхтар Әуезовтің дәуіріне де, ХХІ ғасырға да сол үн мен тыныс әлі дем беріп тұр. Абай қаламынан туған өлеңдер ғасыр мен дәуір өткен сайын өзектілігін жоғалтпай ғана қоймай, сол ғасыр мен дәуірдің мазмұны мен сырын жаңа ашып танытқандай болады. Ғұламамыздың қуаты сол – өз заманынан әлдеқайда озып ойлап, озып жырлауында. Міне, осы сарқылмас мұраны бүгінгі "Абай оқулары” мәнерлеп оқу сайысына да арқау еткен ұстаздарымыздың мақсаты: Абайдың тау сілеміндей мол мұрасын жаңғырта отырып, өлмес ғибратының өміршеңдігін насихаттау болды.
Аталған іс шараға– мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Г.М.Бекешова, К.К.Туракбаев – мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және Е.Чинибек – музыка пәнінің мұғалімі төрелік етті. Сайысқа қатысушы оқушылар бір-бірінен оза шауып, шуақты шараның әрін кіргізді. Өте тартысты өткен сайыстың қортындысын шығаруға да оңайға түспегені айқын байқалды. Дегенменде бас жүлдені «Қартайдық, қайғы ойладық ұйқы сергек» өлеңін оқыған Бердіхан Айғана иеленсе, І орынды Нұрсіләм Мәрзия, ІІ орынды Қайнарәлі Аделя, ІІІ орынды Қадыров Рүстемдерге бұйырды. Қалған қатысушылар ағыс хаттармен марапатталды. Кеш соңын оқушыларымыздың орындауында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен аяқталды.