Сенбілік шаралар » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
май
2022

Сенбілік шаралар

Аптаның әр сенбісінде мұғалімдер мен оқушыларға арналған қосымша шаралар жоспарланып өткізілді.16 сәуірде МИФ бірлестігінің ұйымдастыруымен «3д модельдеу» атты 8 - сыныптар арасында және «Counter Strike» кибер спорты бойынша 7-11- сынып ұлдары арасында турнир өтті.
Мақсаты: оқушылардың физика, матемактика және информатика пәндеріне қызығушылықтарын ояту және инновациялық технологияларды сабақта қолдануға бейімдеу.
«3Д» жарыс 3 турдан тұрды.
1) 3д модельдеу
2) Paint программасы
3) XXL ғасыр көшбасшысы
Бірінші бөлім бойынша оқушылар физикалық, геометриялық фигуралардың 3 Д моделін құрды және модельдерін қорғады. Екінші бөлімінде информатикалық программа қолданып тақырыпқа байланысты суреттер салып оларды қорғады. Үшінші бөлімде интеллектуалды ойын болды.
Әділқазы алқа мүшелері 3 турда берілген ұпайларды санап, оқушыларға марапаттаулар мен сыйлықтар берілді.
1- орынды 8 «ә» сынып оқушылары алды.
2- орын 8 «а» мен 8 «б» сыныптары алды.
Оқушылардың барлығы қызығушылықтарын танытып, жарысқа белсене қатысты.
«CS GO» 5-11- сынып ұлдар арасында информатикадан ойын жарыстары
«Counter Strike» кибер спорты бойынша 7-11- сыныптар арасында турнир өткізілді, турнир мақсаты:
Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттырып, компьютерді тиімді пайдалануды үйрету және оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануды үйрету.
Турнир бойынша барлығы 7-11- сыныптар арасында барлығы 11 сынып, 55оқушы қамтылды. Бірінші кезекте турнир бойынша сыныптарға қауіпсіздік ережелері таныстырылып, сыныптар арасында кезең-кезең бойынша турнир басталды. Турнирді бағалау ойын раундттары бойынша алған баллдары арқылы бағаланды. Жалпы турнир бойынша нәтижелер келесідей болды:
I – орынды 11А сынып ұлдары
II – орынды 7 В сынып ұлдары
II – орынды 9Ә сынып ұлдары
III – орынды 10Ә сынып ұлдары
III - орынды 8Ә сынып ұлдары
III - орынды 8А сынып ұлдары
Турнир нәтижелері бойынша оқушылардың ынталарын көтеру мақсатында II – орыннан екеу, III – орыннан үшеу берілді. Орын алған сыныптарға мектеп атынан арнайы грамоталар берілді.