05
март
2022
«Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» жас мамандар 10 күндігінің
«Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» тақырыбында 7 ақпан-18 ақпан аралығында жас мамандар онкүндігі өтті. Онкүндік аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері К.К.Туракбаев пен А.Жамсапов Дойбы ойынынан бастауыш сынып оқушылары яғни 3, 4-сынып оқушылары арасында жарыс ұйымдастырды. Аталған жарысқа 15 оқушы қатысты. Жарыс жоғары деңгейде өткізілді қорыта айтқанда ІІІ орынды 4 «А» сынып оқушысы Маратұлы Даурен алса, ІІ орын 3 «Ә» сынып Есенгелді Нұржанатқа бұйырса, І орын 4 «А» сынып оқушысы Ғали Малика иеленді. Болашақта аталған оқушыларды қала, облыс, республика көлеміндегі жарыстарға дайындау көзделіп отыр.15 жас маман бекітілген төмендегі жоспар бойынша ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын өткізді.


