«Жас мамандар іске сәт» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
февраль
2021

«Жас мамандар іске сәт»

2021 жылдың ақпан айының 5-шы жұлдызында мектебіміздің жас мамандарына «Жас мамандар іске сәт» атты психологиялық тренинг жүргізілді.
Мақсаты: Жас мамандарға ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.
ZOOM платформасы арқылы жас мамандарға «Жас мамандар іске сәт» тақырып аясында психологиялық тренинг өткізілді.Мұғалім-тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман.«Ұстаздар өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған»-дегендей мұғалімдіктен асқан мамандық жоқ. Бұл жауапкершілігі мол, күрделі міндет. Қазіргі заман талабына сай жас маман білімді, интеллектуалды,ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар жан-жақты маман болу керек. Тренинг барысында «Мұғалім болу...», «Менің ішкі ойларым» жаттығуларын жүргізе отырып ситуациялық сұрақтар қойылып әр жас маманмен жұмыс атқаралды. Мұғалім этикасы туралы бейне жазба көрсетіліп, психологиялық кеңестер берілді. Осы жүргізілген жұмыстардан күтілетін нәтиже жалпы мәдениет барысында өмірге икемді, алдағы атқаратын істерін толық сезе білетін, өміріне көзқарасты қажетті дәрежеде таныта білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай «Мұғалім-мектептің жүрегі» әрбір жас ұстаз жаңаша жұмыс істеп, үнемі ізденісте болып бүгінгі күннің талабына сай болса біздің болашағымыз жарқын болмақ.
«Жас мамандар іске сәт»
«Жас мамандар іске сәт»
«Жас мамандар іске сәт»
«Жас мамандар іске сәт»
«Жас мамандар іске сәт»