№17 орта мектебінің 9- сынып оқушылары арасында «Кәсіби бағдар тренингі» тақырыбында жүргізілген сабақ-тренингке » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2021

№17 орта мектебінің 9- сынып оқушылары арасында «Кәсіби бағдар тренингі» тақырыбында жүргізілген сабақ-тренингке

Қатысқандар: 9а,9ә,9б сынып оқушылары
Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
Әдісі: тренингтер, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
2021 жылдың сәуір айының 27-шы жұлдызында 9-сынып оқушылары арасында «Кәсіби бағдар тренингі» тақырыбында сабақ-тренинг жүргізілді.
- I. Тренинг «Сенің ерекше қабілетің». Оқушылар сыныптастарының арқасында ілінген қағазға, оқушының өзі байқаған жеке қасиетін жазады. Мысалы: ұйымшыл, белсенді, іскер, өнерлі.
- II. Негізгі бөлім. Тақырыпқа кіріспе ретінде Оқушыларға сұрақ-жауап алынды.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан. (Абай Құнанбаев)
Сұрақ-жауап.
1. Ұлы ақын Абай Құнанбаев осы өлеңі арқылы бізге қандай ой тастап тұр?
2. Адамның өмірден өз орнын таба білуі дегенді қалай түсінесіңдер?
- «Ми шабуылы» -ой қозғауы. Оқушылармен жалпы мамандық түрлері, мамандық таңдауда нені басшылыққа алатындықтарын, жақсы маман болу үшін қай бағытта жұмыс істеу керектігін талқыладық.
- Ары қарай оқушылармен топтық «Мамандық қасиеттері», «Жасырылған мамандықты тап!», «Әріпті мамандық» жаттығулар мен ойындар жүргіздік.
Қорытынды: Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспін.