7-11 сынып ата-аналарына «Діни экстремизм» тақырыбында жүргізілген кездесу » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2021

7-11 сынып ата-аналарына «Діни экстремизм» тақырыбында жүргізілген кездесу

Қатысқандар: 43 ата-ана, ДТІЖО, мектеп психологтары, инспектор, дін істер басқармасының маманы
2021 жылдың ақпан айының 19-шы жұлдызында 7-11 сынып ата-аналарына «Діни экстремизм» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы кездесу жүргізілді.
Мақсаты:
 Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;
 Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан — жақты талдап, ой салу;
 Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға,Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;
Кездесуді мектеп психологтары бастап діни экстремизмнің психологиялық аспектілері туралы ақпарат берді.Жат діни ағымдардың құрбаны- бейтаныс нәрсеге қызығушылығы жоғары, өзінің зақымдалған мендігін қорғауға ашулы және өзін-өзі төмен бағалайтын, әлеуметтік әділетсіздікті уайымдай отырып, өзінің өмірлік сәтсіздіктерін жақындарынан және жалпы көру арқылы туындайтыны туралы мағлүмат берді. Сонымен қатар кездесуге Алматы облысы дін істер басқармасы маманы Е.Ж.Матаев қатысып дәріс оқыды. Діни экстремизм — діни дұшпандылық пен жек көрушілікті қоздыру мақсатымен Мемлекеттің аумақтық бүтіндігін немесе егемендігін бұзуға және мемлекеттік құрылысты өзгерту мен билікті күшпен басып алуға бағытталған діни негізделген немесе діни камуфляждалған қызмет. Бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді қарым-қатынас жасауы үшін елімізде қолайлы жағдайлар жасалғанын, Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып табылатыны туралы айтты.Ата-аналарға діни экстремизмнің алдын алу жолдарын айтып, баланың өміріне,тәрбиесіне мұқият болуды түсіндірді. Диалог түрінде ата-аналардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Қорыта келе әрбір адам ойын ақылмен түйіндеп, тілімізді, дінімізді және асыл қасиеттерімізді сақтай білуге, арандатушы теріс ағымдардан аулақ болуға, бар күш жігерлерін білімге, мәдениетке салып, жарқын болашаққа ұмтылады деген сенімдеміз
7-11 сынып ата-аналарына «Діни экстремизм» тақырыбында жүргізілген кездесу
7-11 сынып ата-аналарына «Діни экстремизм» тақырыбында жүргізілген кездесу
7-11 сынып ата-аналарына «Діни экстремизм» тақырыбында жүргізілген кездесу