07
декабрь
2022
Тарихты көп оқыған адам-қазақ патриоты
Тарихты көп оқыған адам-қазақ патриоты
Тарих пәні бірлестігінің онкүндік жоспарына сай тарих пәнінің мұғалімі- Р.Ш.Кенжебекова 10"А" сынып оқушыларымен "Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Тәжірибе алмасу сабағында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп,сабақ мақсатына сай тапсырмалар орындады.Әр топ қойылған сұрақтарға жауап беру барысында шығармашылықпен жұмыс жасады.Мұғалім оқушыларды оқыту процесіне белсенді түрде тарта отырып, әр түрлі жұмыс формаларын қолданды.Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс сабақтың қызықты өткеніне дәлел болды.Мұғалім цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың тиімділігін көрсетті. Сабаққа қатысқан әріптестер ашық сабақтың жүргізілу барысына оң баға берді.