24
январь
2023
Lesson Study зерттеу сабағының 2 циклі
2023 жылдың 24 қаңтарында Lesson Study зерттеу сабағының 2 циклінің кестесіне сай 6 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Тірі табиғаттағы үдерістер» тақырыбы бойынша Lesson Study зерттеу сабағы өтті. География пәні мұғалімі Сарсекулова С.Қ. сабағында «Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушылар суретте көрсетілген адам ағзасына пайдалы дәрумендерді тауып атап өтті және топтық жұмыста әртүрлі зертханалық жұмыстар орындады. «Тарсия» әдісімен жеке жұмыс жүргізіліп, берілген сұрақтарға жауаптарын тауып, пирамиданы құрастырды. Кері байланысты мұғалім «Инстаграмм» әдісін қолданып, өте қызықты да тартымды өткізді.




