09
февраль
2023
«Баланың бас ұстазы ата-ана» тақырыбында мектепішілік ата-ана жиналысы
2023 жылдың 09 ақпан күні мектеп мәжіліс залында мектеп директоры Ақшолакова Р.М., мектеп инспекторы Еркенбекова А.С., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Замзина К.К., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Бекешова Г.М., Беккабылов Т.К.,мектеп психологы Мамырбаева А.А., сынып жетекшілер және ата-аналар комиттерінің төрайымдарының қатысуымен «Баланың бас ұстазы ата-ана» тақырыбында мектепішілік ата-ана жиналысы өтті.
Жиналыстың негізгі мақсаты: Отбасындағы ата-ана рөлінің маңыздылығы, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.