Діни экстремизмнің алдын алу » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
декабрь
2021

Діни экстремизмнің алдын алу

Мектебімізде ағымдағы жылдың қараша айының 30 жұлдызында «Діни экстремизм мен терроризм әлемге төнген қауіп» тақырыбы аясында оқушылармен жиын өткізілді. Аталмыш шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.А.Жумагалиев, мектеп психологы А.Мамырбаева, А.Маусанбекова және Алматы облыстық дін істер басқармасының маманы, дінтанушы, психолог Қанат Маратұлы қатысты. Жиналыста маңызды мәселелердің бірі турасында сөз алған Қанат Маратұлы өз тарапынан қауіпті діни ағымдар туралы,әлеуметтік желінің зардабы жайында, ата – анаға деген құрмет туралы түсінік берді. Аталмыш іс-шарада бала құқығы, тәрбиесі, мектеп өмірі, әлеуметтік сайттардың зияны, дін ағымдары, оқушы психологиясы, құқық бұзушылық сыңды өзекті тақырыптар қозғалып талқыға салынды. Қазақта «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу керек» деген ой туады.Қазіргі баланың ұялы телефонға деген әуестігі күн артып өсіп келеді. Оның пайдасы қандай деген сұрақ туындайды. Әрине, ата-аналар балаларының оқу - үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. «Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп өз кезегінде бірлесе жұмыс істеуге шақырды.