13
январь
2025
млекет ЖОО студенттері үшін стипендияларды ұлғайту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруда.




Мемлекет ЖОО студенттері үшін стипендияларды ұлғайту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруда.2025 жылы ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады.
Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда студенттердің жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) жетім балалар қатарындағы адамдарға стипендия 30%-ға көтеріледі, яғни бакалавриат студенттеріне – 68 083 теңге, магистранттарға – 152 227 теңге, интерндерге – 123 320 теңге үстемеақы белгіленді.
Мемлекеттік стипендиядан басқа, жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша 104 744 теңге мөлшерінде тағайындалатын оқуда ерекшеленген студенттерге, олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарына арналған Президенттік стипендия бар.
Президенттік стипендияны 3-ші оқу жылынан бастап студенттер және 2-ші оқу жылынан бастап магистранттар ала алады. Мұндай стипендияға бюджеттік негізде оқитын студенттер де, ақылы негізде оқитындар да құқылы.