«Ұлы даланың жеті қыры» . » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
январь
2019

«Ұлы даланың жеті қыры» .

«Ұлы даланың жеті қыры» .

16.01.2019 жылы №17 орта мектепте « Ұлы даланың жеті қыры» атты  Елбасының мақаласын тарих пәнінің мұғалімдері Кенжебекова Р.Ш және Ирмашева А.М мектеп ұжымына түсінідіріп,   талқылады.

Мақсаты: Жаһандану кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, на­си­хаттау әрі сақтау арқылы жас ұрпақты жаңа жетістіктерге жетелейді .                                                                              
Ұлы даланың жеті қыры­ның кез келгені – Қазақ елі­нің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу техноло­гиясы, өз жазуы мен мифо­логиясы бар озық мәде­ниет­ті Қазақ елінің рухани бай­лығының айшықты бел­гісі – «аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері − «Алтын адам» жауынгері, түр­­кі әлемінің бесігі санала­тын Алтайдан бастау алатын түркі тарихы, әлемдік эко­­номиканың өркенденуіне сеп­тігін тигізген − Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ елінің ұлт­тық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи жайт қана емес, сонымен қатар әрбір қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар.                                                                                                       
Ай­ты­лып өткен мәдени құн­­ды­лық­тарымыздың қо­ғам сана­сының тарихи жа­ңаруы үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып отыр­ған жобалар толықтай жауап беретіні анық. Оның ішінде, ежелгі дәуірден қа­зір­гі заманға дейінгі кезең­ді қамтитын барлық отан­дық және шетелдік мұрағат­тар дү­ниесіне елеулі іргелі зерттеу­­лер жүргізу үшін «Архив – 2025» жетіжылдық бағ­дар­ла­ма­сын іске асыру елі­міз­дің тарихын түгендеуге мүм­кіндік береді. Түркі әлемі ежел­ден Қазақстан­ды − күл­лі түркі халықтары­ның қа­сиетті қарашаңыра­ғы ретін­де мойындайды. Ал Түркі­стан халқымыздың рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін кие­лі орын болып саналады деген сөздер әр­бір қазақ­тың жү­­ре­гіндегі мақ­таныш сезі­мін оятады деп ойлаймын. «Түр­кі өр­ке­­ниеті: түп-тамыры­нан қазір­­гі заманға дейін» ат­ты жо­б­а­ның аясын­да Түркі­стан қа­ласында, тарихи мұ­ра­­ла­рымыздың негізін­де түр­кі әлемінің орталығын – музейін ашу, өткенмен қазір­гі уақыттың тығыз байланысын көрсетумен қатар, келесі ұрпақ үшін де маңызы зор болар еді. «Рухани жаңғыру» бағ­дар­­ла­масының жалғасы бо­ла­­­тын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға ба­­ғыт­талған ұсы­ныстары мем­­ле­кетіміздің ны­ғаюына сеп­тігін тигізетініне то­лық сенім­­­діміз. Өйткені тари­хын біл­ген ел ғана өткеннен са­бақ а­лып, жарқын болашаққа жол тауып жетістіктерге жетеді.

«Ұлы даланың жеті қыры» .

 

«Ұлы даланың жеті қыры» .

 

«Ұлы даланың жеті қыры» .

 


<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->