«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
ноябрь
2022

«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт»

22 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.Қ.Суанбаева мен Ж.С.Бакирбаеваның ұйымдастыруымен  «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында М.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай жазушының «Жетім» әңгімесі бойынша 7а, 7ә, 6ә-сынып оқушылар арасында сайыс сабағы өтілді. Сайыстың мақсаты: Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, М.Әуезовтің «Жетім» әңгімесінің мазмұнын қаншалықты меңгергенін анықтау, жас ұрпақтың бойына мейірімділік, жанашырлық т.б. қасиеттерді қалыптастыру.

Ең алдымен, балаларға кітап оқудың пайдасы мен маңызы, кітаптың рухани қазына екендігі слайдтар арқылы түсіндірілді. Сайыс «Блиц-турнир», «Қай кейіпкерлердің сөзі?», «Тор көздерге жасырылған сөз» сияқты 3 кезеңнен тұрды. Жеңген топқа тәттілер үлестіріліп,  мақтау қағаздары табыс етілді.