№ 17 орта мектеп кітапханасының өткізген іс-шара.
№ 17 орта мектеп кітапханасының өткізген іс-шара.
Қаңтар айының 18 жұлдызында мектеп кітапханасында 9 а сынып оқушыларының қатысуымен «Бір ел-бір кітап» акциясы өтті.
Биылғы,яғни 2019 жылы акция аясында жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы және Әбділдә Тәжібаевтың өлеңдерін оқу таңдап алынды.
Акцияның мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту,қоғамның отандық әдебиетке,оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияны оқуға деген ынтасын арттыру,сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау.
Оқушылар акция аясындағы жазушылар туралы көптеген мағлұматтар алып,аталған жазушылардың шығармаларын оқуға уәде берді.


