2019 жылдың 12 маусым күні мектеп бітіру кеші
Мектепте 2019 жылдың 12 маусымында сағат 18.00-де «Болашақ жастардікі» атты мектеп бітіру кеші басталды. Мектеп ауласы түлектердің ата-аналарының көмегімен талапқа сай безендірілді. 2 бөлімнен тұратын кештің жоспары қамқоршылық кеңеспен келісіліп, бекітілді.
Кеште мектеп бітіруші 34 түлекті мектеп директоры Р.Н.Керейбаева құттықтап, мектеп бітіру аттестаттары мен «Алтын белгі» тапсырылды. Ал түлектер, ата-аналар өздерінің алтын ұя мектебіне, ұстаздарға деген алғыстарын, лебіздерін білдіріп ән-жырларын арнаса, облыстық білім басқармасынан Д.Т.Оңбырбаева, қалалық білім бөлімінен А.Т.Мамырбаева, қамқоршылық кеңес мүшесі Н.В.Ефремова келген қонақтар мектеп бітірушілерге ақ жол тіледі.
Кештің екінші бөлімінде түлектер мен қонақтар, ата-аналар арасында ұйымдастырылған түрлі қызықты ойындар, кароке, би кешіне ұласты.
Мектеп түлектерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мерекеде және ҚІІБ өкілдері тарапынан кезекшілік құрылды, түнгі 24.00-ге дейін қамқоршылық кеңес мүшелерімен қауіпсіздік шараларын жүргізді.
Кеш өткізілген жерге өрт қауіпсіздік талаптары ілініп, нұсқама берілді. Оқушылардың ата-аналарынан қауіпсіздік ережелері таныстырылып, қол хат алынды. Кеш өз деңгейінде, ешбір тәртіп бұзушылық болмай өттілді.




