Ата-аналар жиналысы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
август
2020

Ата-аналар жиналысы

Ағымдағы жылдың 20 тамызында сынып жетекшілеріміз ата-аналар жиналысын өткізді. Ондағы басты мақсат коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету, болып табылды.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде төмендегі сұрақтар қарастырылды:
Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау.
Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны.
Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.
Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
Баланың оқу режимі және демалысы.
Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер.
Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелерімен таныстыру
Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.
Аталған жиналыс онлайн форматта, zoom бағдарламасы арқылы өткізілді.
Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы