Ұстаздар күні » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
октябрь
2020

Ұстаздар күні

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиіпті. Осыған орай мектебімізде түрлі іс-шаралар онлайн жүзеге асты мәселен: «Ұстазым менің» тақырыбында сынып сағаттары, «Ұстаз ұлы тұлға» ессе байқауы 9-11 сыныптар арасында және «Мектеп кеме білім теңіз» тақырыбында сурет байқауы 1-4 сыныптар арасында, «Ұстазыма мың алғыс» 1-11 сыныптар видео құттықтаулар жасады. Онда оқушыларымыз ұстаздарына деген ыстық лебіздерімен үлкен құрметтерін көрсетті. Мерекелік апталықтың соңы ұстаздық өмірдің табалдырығын енді аттаған жас мамандардың онлайн концерттік бағдарламасымен аяқталды. Іс-шара барысында мектеп директоры: Р.Н.Керейбаева құттықтау сөз айтып ұстаздарды қазіргі қиын сәтте шыдымды болуға шақырып, еңбек жолында үлкен белестерді бағындыруға тілек білдірді. Әріде жас манмандарымыз құттықтау видеосын арнып ұлағатты ұстаздарымыздың ақ батасына ие болды. Шара соңында диретордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары У.Т.Райсова бір қатар ұстаздарымызды Талдықорған қалалық білім бөлімінің алғыс хатымен мапаттады.
Ұстаздар күні құттыболсын!
Ұстаздар күні