алғыс айту » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2021

алғыс айту

2016 жылғы 14 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, Жарлыққа қол қойған болатын. Осылайша халқымыз жыл сайын дәстүрлі түрде Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл күн — тілі, діні басқа болса да өзгені өзегінен теппей бауырға басқан қонақжай халқымыздың дархан көңілін, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп отырған сәтті айшықтайтын күн. Мереке қарсаңында мектебімізде түрлі іс-шаралар жүзеге асты ашық сабақ, тәрбие сағаты, сурет салу, эссе жазу, сыныптар арасында челледж ұйымдастырылды. Атқарылған іс-шаралардың басты мақсаты оқушыларға аталмыш мейрамның мән-маңызы жөнінде түсінік беру, ризашылық пен алғыс,сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту, әдептілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
алғыс айту
алғыс айту
алғыс айту