Мектеп асханасының жағдайы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
февраль
2022

Мектеп асханасының жағдайы

«Ас-адамның арқауы»- дегендей, №17 орта мектепте 2021-2022 оқу жылының 16 ақпанында қамқоршылық кеңесінің төрайымы Г.Ахметова, бракераж комиссиясың мүшелері оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын және асхана жұмысын бақылау мақсатында мектеп асханасындағы ыстық тамақтың ұйымдастырылуы мен асхана жұмысшыларының қызмет көрсету сапасы, мектеп оқушыларының күнделікті ыстық тамақпен қамтылу жағдайлары және ас мәзірінің сапалық құрамы, жалпы гигиеналық-санитариялық талаптардың орындалуы тексерілді. Асханаға күнделікті келіп отырған шикі заттардың арнайы анықтамалық негіздері, түбіртектері бар. Тамақ сақтайтын шкафтары таза, азық-түліктер арнайы тоңазытқышта өз ретімен дұрыс қойылып сақталған. Көкөніс сақтайтын қойма бөлмесі тазартылған, қоқыстарды дер кезінде шығарып отырады. Асханада қабырға,еден жуатын шелектер,ыдыс-аяқтарды жуғыш заттар түгел бар.Гипохлорид ерітіндісін даярлау нұсқасы бар. Күнделікті асханадағы ас мәзірін мектеп медбикесі тексеріп қадағалап отырады. Асхана ыдысы холодильник температура режімі, тазалық журналы, шикі азық-түлік журналы күнделікті қаралады. Асхана қызметшілерінің халаттары, аптечка, асхана тазалығы,асхана тамақтану режімі көрсетіліп күнделікті ас мәзірі қойылған. Пісірілген заттар арнайы орында қойылып арнайы марьламен жабылып тұр. Күніне екі рет (таңертең- оқушылар тамақтанар алдында және кешке- тамақтанып болғаннан кейін) рецикулятормен дезинфекция жүргізіліп тұрады.




Похожие публикации:

02 декабрь 2021 Асхана
10 ноябрь 2021 Асхана тазалығы
09 ноябрь 2021 Асхана
20 октябрь 2021 Ыстық тамақ