14
апрель
2022
2021-2022 оқу жылының IV тоқсанындағы мектеп оқушыларына тегін және ақылы ыстық тамақтың ұйымдастырылуы
Қазіргі жағдайларда тамақтану мәселесі бірқатар себептерге байланысты бірінші орынға шықты, атап айтсақ: экологиялық ортаның бұзылуы, организмге қажет компоненттердің жеткіліксіз түсуі, дұрыс тамақтанбау, сапасы төмен азықтар және т.б. Экология нашарлайды, ал соның нәтижесінде біздің денсаулығымыз бен күшіміз толық жойылады. Организмнің көбінесе, ондағы пайда болатын және оған тамақпен, сумен,ауамен және дәрі-дәрмек заттарымен баратын зиянды заттарды шығаруды қамтамасыз етуге күші жеткіліксіз. Сау адам жейтін асына жиі зейінсіз қарайды. Ал, ауырып, күнделікті жарнама беттерінен түспейтін ең жаңа препараттарды іздей бастайды, сонымен, тамақ сияқты сенімді және тұрақты емдеу құралы туралы ұмытады. Ал, Гиппократтың өзі былай деген: «Біздің барлық емдеу құралдарымыз азық-түлік заттары болуы керек, ал азық-түлік заттары емдік заттар болуы керек». Зат алмасуының бұзылуының (семіру, қант диабеті және т.б) салдарынан пайда болатын аурулар жиі кездеседі. Осыған байланысты, қазіргі таңда, дұрыс тамақтану энергетикалық шығындарға және организмнің физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келу үшін тамақтану мәдениетін жоғарылату мәселесі өзекті бола бастады. Сондықтан да біз мектепте оқушылардың күніне бір рет ыстық тамақ ішуін қадағалауымыз қажет.
Мектепте IV тоқсанның басында 1-11 сыныптарда барлығы -1074 оқушы,күнкөрісі төмен, аз қамтылған,көпбалалы отбасының бала саны- 166, қамқорлыққа алынған балалар саны –4.
2021-2022 оқу жылының қыркүйек айынан бастап әдеттегідей мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылды.2021 жылдың қыркүйек айынан бастап әлеуметтік тұрмысы төмен, аз қамтылған, көп балалы жанұя балалары мен қамқорлықтағы 196 оқушының – 166 оқушысына жалпыға бірдей білім беру қорынан,ал қалған 30 оқушысына асхана арендаторы есебінен тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Асханада тамақтың сапасы тексеретін арнайы комиссия құрамы жұмыс жасап, оқушылардың дұрыс тамақтануы қатаң бақыланады.
Мектеп асханасының мәзірі.
Ас мәзірі әр түрлі. Күнделікті ас мәзірі әр түрлі ассортиментті азық -түліктер, күлинариялық түрлі тәттілерден тұрады. Күнделікті ас мәзірінде ет тағамдары, сүт және сүттен жасалған тағамдар, сары май, өсімдік майлары, нан және ұннан жасалған әр түрлі тағамдар, көкөністер болады. Апта ішінде міндетті түрде ас мәзірінде жарма және макарондар, көкөністер, картоп, шырындар және дәруменді азық- түліктер қолданылады.Түскі астағы бірінші тағам өзіне лайықты бірінші орынды алады. Ет, құс еті, көкөніс сорпалары, үй кеспесі дайындалады. Екінші тағам гарнирі әр түрлі жармалардан жүгері, қарақұмық, арпа, күріш т,б. дайындалады. Міндетті түрде сүтке пісірілген ботқа беріледі.
Мектеп асханасындағы тамақтың ұйымдастырылуы және жұмысы арнайы бракераж комиссиямен тексеріліп бақыланып тұрады.