Ата - аналар жиналысы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"№17 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282)25-34-97
Есепші бөлімі:
+7(7282)25-34-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2022

Ата - аналар жиналысы

Ағымдағы жылдың 15 наурыз күні "Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№17 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен бірыңғай жалпы ата -аналар жиналысы өтті. Жиналысқа: Мектеп директоры, директордың тәрбие орынбасары,директордың оқу – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары,мектеп психологтары,мектеп инспекторы қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: Ата-аналар, балалар және мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас аспектілері, «Бала құқығы», «Ұстаз мәртебесі», «Құқық бұзушылықтың алдын алу» . Аталған тақырыптар бойынша ата – аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында күн тәртібіне қойылған мәселелер толық қамтылды.
Ата-аналар түрлі бағыттағы сұрақтарын қойып, пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды.