
Ата-аналар мен сынып жетекшілер назарына!

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласындағы №17 орта мектеп әкімшілігі 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4,9, 11 сынып бітірушілерге қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады!

Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады.

Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру;
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.

Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.

Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді.

Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата- аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады.

Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу – әрбір оқушы үшін міндет.

Ескерту:
Аталған талаптар 4, 9, 11 сынып оқушылары мен ата- аналарына бірдей дәрежеде қатысты.

Соңғы қоңырау шәкірттің үлкен өмірге қадам басу алдындағы маңызды рухани сәт, сондықтан оның мазмұнды әрі тәртіпті өтуі бәрімізге ортақ жауапкершілік!

Құрметті ата-аналар!
Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамауларыңызды сұраймыз.

Біз балаларға сапалы білім мен тәрбие беруді абыройлы міндет деп санаймыз.
Кез келген сұрақтарыңыз туындаса, сіздермен ашық диалог орнатуға дайынбыз!

Құрметпен, мектеп директоры Акшолакова Рахиля Молдағалиқызы